Иорданияда киіз үй тігілді

119

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын халықаралық деңгейдегі дипломатиялық базар аясында Қазақстанның Иорданиядағы елшілігінде киіз үй құрылды деп хабарлады turkystan.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақы киіз үйге Иордания ханшайымы Басма Бинт Талал арнайы келіп, бас сұқты.

Іс-шарада Иорданияда аккредиттелген 30-ға жуық дипломатиялық миссияның күшімен мәдениеттер мен этностардың әсерлі әртүрлігі ұсынылған.

Елшіліктің ұлттық кәдесыйларды сатуы арқылы жиналған қаражат Мабаррат Ум әл-Хусейн институтына берілді. Мұндағы қаражат Иорданияның тұрмысы нашар отбасыларындағы балалардың білім беру қажеттіліктеріне арналған.

https://turkystan.kz/article/200687-iordaniyada-kiiz-uy-tigildi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.