Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында бірқатар жобалар қаралды.
Атап айтқанда, «Altynalmas Reagents» ЖШС-нің директоры Уәлихан Атагелдиев «Натрий цианидін өндіру» бойынша инвестициялық жобасын жүзеге асырудағы бірқатар мәселелерді шешіп беру бойынша көмек сұраса, «Arion Invest Eco-Plast» ЖШС-нің өкілі Әлібек Сүлейменов «Тараз ХимПарк» АЭА «Полипропилен қаптарын шығаратын зауыт салу» бойынша инвестициялық жобасын таныстырды.
«ADS Industries» ЖШС-нің өкілі Арапбаев Сәкеннің «Тараз ХимПарк» АЭА электр энергиясын өндіру үшін «Газ генератор станцияларын салу» бойынша инвестициялық жобасын ұсынды.
Нұржан Нұржігітов облыс экономикасы үшін тиімді жобаларға жергілікті билік заң аясында, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қажетті қолдау шараларын барынша көрсететінін жеткізді.
Жауапты тұлғаларға кейбір мәселелердің шешу мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыру бойынша тапсырмалар жүктеді.
Аймақ басшысы инвесторларға өздері тарапынан құжаттама жұмыстарын тезірек реттеп, құрылыстарды ертерек бастау керектігін айтты.
Сондай-ақ, облыс әкімі инвестициялық жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті тұрғындарды тұрақты табыспен қамтуға бағытталу қажеттігін баса айтты.
Жамбыл облысы әкімдігі