Интернеттегі алаяқтық деректері күн өткен сайын көбейіп келеді. Аталған бағыттағы қылмыстар санын барынша азайту, алдын алу және болдырмау мақсатымен Жамбыл облысы Полиция департаментінде Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Шохан Альжанов интернет алаяқтықтың өзекті түрлері туралы сабақ өткізді. Қызметкерлерге ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары мен алаяқтықты тану бойынша практикалық кеңестер берілді.