Индустрияландыру – өңір өрісі

321

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізуде. Өз сөзінде Бақытжан Әмірбекұлы облыс орталығында өндіріс ошақтарын ашу жұмыстарына тоқталды.

– Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы құны 6,9 млрд теңгені құрайтын «AlinaGroup» ЖШС-нің құрғақ құрылыс қоспалар зауыты іске қосылды. Өндіріс орнының қуаттылығы жылына 350 мың тоннаны құрайды. Онда 35 жаңа жұмыс орыны ашылды. Сондай-ақ жалпы құны 34,7 млрд теңгені құрайтын 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Аталған жобалар іске асырылғанда 944 жаңа жұмыс орны ашылмақ, – деді шаһар басшысы.

Бұдан бөлек, Тараз қаласының жаңа Бас жоспарына сәйкес, шаһардың батыс бөлігінен «Шөлдала» алқабына барар жолда 1 150 гектар жер өндірістің әлеуетін көтеру үшін индустриалдық аймаққа беріледі. Қазіргі таңда жалпы құны 47,6 миллиард теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобалармен келіссөздер жүргізілуде.

Тараз қаласы

Leave A Reply

Your email address will not be published.