Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/7 мекемесінде әлем жұртшылығы үшін қауіпті індетке айналған короновируске қарсы жұмыстар күшейтілді. Әлемді дүрліктірген індеттің алдын алуға бағытталған негізгі шаралар қабылданып, инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, кешенді жұмыс жоспары бекітілді.
Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге қажетті керек-жарақтар, арнайы киімдер де жеткілікті. Тапшылық тудырмас үшін мекеменің тігін цехында 2000-нан астам бетперде сотталғандардың қолымен тігіліп әзірленді. Нысан толықтай оқшаулану режиміне көшкен. Алдағы уақытта да аталған мекемеде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау және алдын-алу шараларын күшейту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілмек.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі