Індетті індетпеудің амалы

446

ҚР Президентінің 2020 жылдың 16 наурызындағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылдың 16 наурызынан 15 сәуіріне дейін төтенше жағдай енгізу» туралы Жарлығына сәйкес Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінде сақтық шаралары күшейтілді.

Тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Самат Раев, мекеменің медицина қызметкерлерімен бірлесіп, мекеме асханасында, кезекші бөлім ғимаратында, шаруашылық алаңда және қоймаларда залалсыздандыру жұмыстарын атқарды.
Әлем жұртшылығын алаңдатқан коронавирусқа қарсы санитарлы және дезинфекциялы шаралардың күшейтілгені дұрыс-ақ. Себебі, сақтансаң, сақтайды!

Бақтияр Наурызбаев,
ЖД-158/4 мекемесі ТҚЕБ инженері

Leave A Reply

Your email address will not be published.