«Илон Маскты мықты мамандар мойындамайды» – Тимур Бектұр

138

«Илон Маскты мықты мамандар мойындамайды» – Тимур Бектұр
 ашық дереккөз

Бүгін Digital Bridge 2023 IT-форумында сөз сөйлейтін «Болашақ» халықаралық стипендиасының иегері, Бостон университетінің магистранты Тимур Бектұр Turkystan.kz сайтына сұхбат берді.

Ол Илон Маск жасанды интеллектіні дамытуды тоқтата тұруды ұсыну арқылы қоғамға манипуляция жүргізіп, өзінің жобасын ілгерілетуді көздеп отырған болуы мүмкін деген болжамымен бөлісті.

«Америкадағы кәсіби мамандардың арасында Илон Масктың сөзі сөз емес. Өйткені ол бизнесмен. Иә, ол жақсы стартап жасаушы, ІТ-дан хабары бар адам. Алайда маман емес. Осыған дейін жасанды интеллектіні зерттеген де емес. Бәлкім, керемет қолданушы шығар, бірақ Илон Маскты мықты  мамандар мойындамайды. Оның сөзін ғылыми академиялық тұрғыда дереккөз ретінде қолдануға болмайды», – деді IT-ағартушы.

Сарапшының сөзінше, Илон Маск компанияларының капитализациясын арттыру үшін нарыққа манипуляция жасауды әдетке айналдырып алған.

«Мысалы, крипто валюта тұрғысынан алайық. Ол өзінің әлем жұртшылығы алдындағы беделін біле отырып, құнды қағаздардың, компаниясының бағасын арттыру үшін кейде батылдау сөйлейді. И.Маск жасанды интелектіні тоқтата тұруды алға тарта отырып, өзі Euro Link деген жасанды интеллекттің чипін адамның миына қондыру жобасын жүзеге асырып жатыр», – деді Т.Бектұр.

Оның айтуынша, И.Маск екі сөйлеп отыр.

«Егер жасанды интеллект, ол айтқандай, қауіпті әрі оны дамытуды тоқтата тұру қажет болса, бизнесмен өз жобасын ілгерілетпес еді. Мамандар И.Масктің Euro Link жобасы жасанды интеллектен кенже қалғанын, И.Маск өз жобасын жасанды интеллект деңгейіне жеткізіп алу үшін жасанды интеллекті тоқтата тұру бастамасын көтеріп отыр деп санайды. Жалпы, Дональд Трамп пен Илон Масктан барлығын күтуге болады», – деді Т.Бектұр.https://turkystan.kz/article/234822-ilon-maskty-my-ty-mamandar-moyyndamaydy-timur-bekt-r

Leave A Reply

Your email address will not be published.