Иісті газ датчиктерінің іске қосылуы 17 адамның өмірін сақтап қалды

39

Бұл улану қаупін едәуір азайтуға және ықтимал қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік берді

Биылғы жылыту маусымында газдың және жану өнімдерінің қауіпті концентрациясын анықтау датчиктерінің іске қосылуы 17 адамның улануын және қаза болуының алдын алды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жылыту маусымына дайындық кезеңінде ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқару органдарымен және волонтерлермен бірігіп, әлеуметтік осал топтардың үйлерінде 30 мыңнан астам иісті, табиғи газ датчигі және түтін хабарлағыштар орнатылды. Бұл улану қаупін едәуір азайтуға және ықтимал қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Датчиктерді орнату тәжірибесі енгізілгеннен бері жалпы датчиктердің іске қосылуының 55жағдайы тіркелді, соның арқасында 248 адамның жіті улануы мен мүмкін өліміне жол берілмеді.

фото: ТЖМ

https://turkystan.kz/article/254743-iisti-gaz-datchikterinin-iske-kosyluy-17-adamnyn-omirin-saktap-kaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.