ИГІЛІКТЕ ИГІ ІСТЕР КӨП

78
Сарысу ауданының әкімі С.Мамытовтың есептік кездесуі Игілік ауылдық округінде жалғасты. Өндіріс ауылында өткен жиын барысында аудан басшысы ауылдағы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Сондай — ақ, ауылдық округтегі мәселелердің шешілу жайын хабарлады.
Мәселен, «Игілік-Саудакент» ауылындағы автожолды жөндеуден өткізу бойынша ұсыныс енгізу, Игілік ауылына жаңадан клуб үйін салуға ЖСҚ әзірлеп, облыстық бюджеттік нақтылауға өтінім беру және Өтес, Байшахан каналына жаңа бетонды науалар орнату жұмыстары орындалу үстінде.
Кездесуден соң аудан басшысы азаматтарды жеке қабылдап, тілек — өтініштеріне құлақ асты. Игілік ауылының тұрғындары өз кезегінде аудан әкімінің атқарып жатқан жұмыстарына оң бағасын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.