Ағымдағы жылдың 6 ақпан күні, Облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Өтепов Данияр Құттыбайұлының төреғалығымен, жер қатынастары бөлім басшылары мен аукцион өткізуге жауапты мамандарымен жиын өтті.![]()

Басқосуда «Игерілмеген жерлерді қайтару», «Қосалқы жер қорындағы егістіктерді айналымға енгізу», «Ауыл маңындағы жайылымдарды елді мекенге қосып беру», «Кәсіпкерлік мақсаттағы жерлерді аукциондарға шығару» бойынша мәселелер көтерілді.![]()

Аталған тапсырмаларға сәйкес, алдағы жартыжылдық бойынша жоспарлар ұсынылып, тиісті шаралар қабылданатын болды.![]()

Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы