Гүл сыйлаудың тәртібін білесіз бе?

44
Гүл сыйлаудың да тәртібі, өзіндік жөн-жосығы бар. Олар әлемнің барлық тілінде сөйлей алады. Яғни, дұрыс таңдалған гүл шоғы көкейіңіздегі ойды, ізгі лебізіңізді сөзсіз жеткізуге мүмкіндік береді.

Ең әуелі гүлдің түр-түсі ғана емес, саны да маңызды екенін айта кеткен жөн. Нақ­ты айтсақ, гүл шоғындағы гүлдер саны жұп сан емес, тақ сан болуы керек деген се­нім бар. Пұтқа табыну кезеңінде жұп сандар зұлым­дықты, сондай-ақ өмір циклінің тоқ­та­ғанын білдіреді деп есептелген, бұл сенім осыдан қалған деген дерек бар.

Келесі мәселе, гүлдің түсі. Қызыл түс – өмір­дің, күш пен махаббаттың түсі. Қызғылт түс – нәзіктік, сезім пен қамқорлықтың түсі. Гүлдер тілінде бұл – талғампаздықтың, риза­шылықтың, жана­шырлықтың символы.

Ал ақ гүлдер та­залықты, адалдықты білдіреді. Ақ түс жарыққа, жаңа өмірге апаратын жол­дың символы болса, көк түс – тыныштық пен құпияның түсі.

Көгілдір түстес гүл шоқ­тарын жақын адамдарға қолдау білдіру үшін сыйлауға болады.

Сары – күннің түсі. Сары гүл­дер байлықты, сәттілік пен қуа­ныш­ты біл­діреді, сары гүлдерді сәттілік, жақсы көңіл күй тілейтін кез келген адамға сыйға тарта ала­сыз.

сурет: istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/256943-gul-syilaudyn-t-rtibin-bilesiz-be

Leave A Reply

Your email address will not be published.