Ғылымды дамыту – Қазақстанның стратегиялық басымдылығы

17

Ғылымды дамыту – Қазақстанның стратегиялық басымдылығы. Мемлекет ғылыми зерттеулерге қаржыландыруды ұлғайтып, ғылыми ұйымдарды модернизациялап, шетелде тағылымдамаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуде. 2025–2027 жылдары қолданбалы ғылымды қаржыландыру 531,1 млрд теңгеге жетеді. Жаңа қолдау механизмдері, оның ішінде «Жас ғалым» бағдарламасы және гранттық қаржыландыру құрылып, мыңдаған ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті жас ғалымдарды келесі бағыттар бойынша қолдаулар көрсетуде.

Қосымша қаржыландыру ғылыми зерттеулер. Университет жас зерттеушілердің ғылыми қызметін белсенді түрде дамытуда. «Балықтар мен өсімдіктерді бірге өсіру технологиясын өндіріске  енгізу» жобасының ғылыми жетекшісі В. Арыстанғалиевқа 280 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Университет жобаны қосымша 84,96 млн теңге өз бюджетінен қаржыландырып, жас ғалымдарға қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін ресурстар қамтамасыз етті. Бүгінгі таңда жоба табысты жүзеге асырылуда.

Жас ғалымдар үшін тұрғын үй. Университет зерттеу жобаларында жұмыс істейтін жас ғылыми қызметкерлерге жұмысы мен өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында тұрғын үй ұсынады, осылайша олардың кәсіби өсуі мен тұрақтылығын қолдайды. Ғылыми зерттеулер үшін инфрақұрылымдық қолдау. Университет жас зерттеушілерге ғылыми жұмыс жүргізу үшін бөлмелер ұсынады. Мысалы, балық шаруашылығы кешенін орнату үшін 480 шаршы метрлік екі ғимарат бөлінді, бұл жаңа технологияларды оңтайлы жағдайда тексеруге және эксперименттер жүргізуге мүмкіндік береді.

Докторантураны қаржыландыру. Университет жас ғалымдарды тарту үшін докторантурада оқу құнының 50%-ын өтейді. Қазіргі уақытта алты докторант Варна еркін университетінде (Болгария) университеттің қаржылық қолдауымен білім алуда. Жас ғалымдардың шетелдегі тағылымдамаларына шығындарды қаржыландыру. Университет жас ғалымдардың шетелде тағылымдамадан өтуі және біліктілігін арттыру курстарының барлық шығындарын өтейді.

Арман Құдайбергенов,
Ш. Мұратаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің проректоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.