Grand Slam турнирі: ел қоржыны тағы бір жүлдемен толықты

111

Тбилиси Grand Slam жарысында 60 кг салмақта қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин қола жүлдегер атанды деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгін Мағжан алғашқы айналымда Кипр балуанын иппонмен жеңсе, екінші айналымда өзбек балуанын екі ваза ари ұпайымен қапы қалдырды. Ширек финалда Грузияның жас жұлдызы Георги Шардалашвилиге есе жіберіп жұбаныш белдесуге күресті. Жұбаныш белдесуде Португалиялық Лопец Родрига Костаны ваза аримен жеңіп қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Қола медаль үшін тағы бір Қазақстандық балуан Қанат Сейілханды жеңіп қола медаль еншіледі, – деп жазды спорт журалисі Анық Көкенайұлы.

https://turkystan.kz/article/217936-grand-slam-turniri-el-korzhyny-tagy-bir-zhuldemen-tolykty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.