Головкиннің «Канелодан» жеңілу себебі белгілі болды

97

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Риота Мурата Yahoo Japan басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль «Канело» Альварестен жеңілгеніне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile аренадағы трилогияда «Канело» төрешілер шешімімен басым түсті.

«Головкиннің жұдырықтасу стилі неге ондай? Қысым жақсы болды, бірақ аздап жетпеді. Өзің мықты болсаң және соққың күшті болса, оны пайдалану керек. Бірақ бір жағынан жасың келгенде, өзіңе зиян келтіре бергің келмейді. Солай болған секілді.

«Канеломен» теңдей жекпе-жек болды деп ойлаймын, бірақ Головкин стилін өзгертіпті. Джеб жасап, шегіну бар. Осылай етпегенінде жеңетін еді», – дейді Мурата.

Leave A Reply

Your email address will not be published.