Германияда аттракциондағы пойыздар соқтығысып, 31 адам зардап шекті

134

Германияның Гинцберг қаласындағы Legoland паркіндегі аттракционда екі пойыз соқтығысты. Салдарынан 31 адам жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sky News басылымына сілтеме жасап. 

Полиция өкілінің мәліметінше, 31 адамның 15-і ауруханаға жеткізілген. Олардың бірі ауыр жарақат алған.

Агенттік мәліметінше, «Жалынды айдаһар» аттракционында бір пойыз жедел тоқтап, салдарынан екінші пойыз келіп соқтығысқан. Апат орнына үш тікұшақ пен өрт-құтқару қызметі жіберілді.

Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.