Гендерлік саясат — қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Бұл — қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет екені белгілі.![]()

Кездесуге Сарысу АПБ жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің Отбасылық тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция майоры Меруерт Дүйсенова, психолог Роза Жантуреева, аудандық “Іскер әйелдер” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Раушан Әшімова, аудандық “Әжелер алқасының” төрайымы Светлана Қожаназарова, көпбалалы аналар мен аз қамтылған әйелдер қатысты.
