Ғазизхан Шекербеков бір әнін қайтара алмай жүргенін айтты

411

Белгілі әнші, композитор Ғазизхан Шекербеков «OZMZғой» бағдарламасында бір әншіге берген туындысын қайта сұрауға ұялып жүргенін жеткізді.

«Жақында ән жаздым. Сосын әннің аранжировкасын басқаға апардым. Оған гитарист шақырдым. Бәрі біткенде, өзіме көрермен боламын. Біткесін, ұнамай қалады. Бір ай сол әнмен жүрген болуым мүмкін. Біткенше асығуым мүмкін. Бірақ ұнамай қалады.

Бір-екі адамға тыңдатамын. «Жақсы» десе, ұнамай қалады. Ол адам «Тағы қойшы» деуі керек. Олай айтпаса, жүрекке жетпеді деген сөз. Жүрекке жетпесе, бір тыңдап, әнді өткізіп жібереді. Әнді талғамы бар деген біреуге тыңдатып көрем. Кейде талғамы жоқтарға да тыңдатам. Осылайша іштей дауыс жинаймын.

Кейде шатасамын. Алдында бір әнді біреуге бердім. Енді қайта сұрағым кеп жүр. Кім екенін айтпай-ақ қояйын. Ол әнмен бір-екі жыл жұмыс істедім. Біліп тұрмын жақсы ән екенін. Сөйтіп жүріп аяқтадым. Өте баяу лирикалық ән. Сосын бір әншіге берейінші дедім. Ал қазір біраз уақыт өтті. «Неге беріп жібердім» деп өзімді жеп жүрмін. Өзім айтайыншы деуге сылтау таппай жатырмын. Жігіттікке жараспайтын нәрсе. Бірақ мен сияқты өнерді жақсы көретін болса, түсінеді деп ойлаймын», — деді Ғазизхан Шекербеков.

https://turkystan.kz/article/239381-azizhan-shekerbekov-bir-nin-aytara-almay-zh-rgenin-aytty

Leave A Reply

Your email address will not be published.