ГАЗ ҚОСУМЕН ІС БІТПЕЙДІ

567
Жақында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбековтің төрағалығымен өткен жиында 2022 жылдың соңында 8 елді мекенге берілген газ желісінің жай-күйі, қауіпсіздік ережелерінің сақталуы сөз болды.
Жиынға «КазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының техникалық бөлім бастығы Абыл Юсупов, «Жамбыл газ шаруашылғы» мекемесінің директоры Сағатбек Күлекеев, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Расул Сұлтанов және Аса, Өрнек, Ерназар, Қарасу, Көлқайнар ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
Жиында сөз алған Абыл Рахменбердіұлы:
– Ауылдағы тұрғындарға «көгілдір отын» беру кезінде ең бастысы адамның өмірі оның қауіпсіздігі екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін ауылдық округ әкімдері мен Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері газды пайдалануда ұстанатын ережелерді жете түсіндіру керек. Филиал тарапынан техникалық шарт құжаттарын рәсімдеп өткізген абоненттерге газ тұтынуға рұқсат беріледі. Бұл жұмыстарды жеделдетіп, абонент санын арттыруымыз керек. Құжат өткізуге кеңес көрсетіп, көмек көрсетуіміз қажет, – деді ол.
Сондай-ақ Сағатбек Әбдірасылұлы газ қосумен іс бітпейтінін, газ пешінің орнатылуы және басқа да техникалық қауіпсіздікті жіті бақылауда ұстау керектігін жеткізді.

Жамбыл ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.