Ахметбеков Дәулет Хамитұлы Шу қалалық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды

200
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысың бұйрығымен Ахметбеков Дәулет Хамитұлы Шу қалалық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды
​Ахметбеков Дәулет Хамитұлы 1983 жылы 27 қарашада, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылында дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты — қазақ.
Білімім жоғары: 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясын «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша аяқтаған.
2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Экономика» мамандағы бойынша аяқтаған.
Әскери міндетті, 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының әскери кафедрасын бітірген, запастағы медициналық қызметтің лейтенанты.
Еңбек жолы:
18.01.2008 — 22.09.2008ж. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, әкімшілік бөлімінің инспекторы болып қызмет бастаған.
22.09.2008 — 27.06.2011ж. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, әкімшілік бөлімінің жетекші маманы;
27.06.2011 — 01.06.2012ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Әкімшілік департаменті, Құжаттама, бақылау және кадр басқармасының бас сарапшысы;
01.06.2012 — 08.01.2014ж. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, әкімшілік бөлімінің бас маманы;
08.01.2014 — 12.07.2016ж. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Персоналды басқару қызметінің бас маманы;
13.07.2016 — 01.07.2020ж. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жұмылдыру, азаматтық қорғау, төтенше жағдайлар және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің басшысы;
02.07.2020 — 31.12.2021 Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, әкімшілік бөлімінің басшысы;
2021 жылдың 28 желтоқсанынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.