Серуендеуге шыққан ер адам 1 500 жылдық тарихы бар жасырын жатқан қазынаны тауып алды, бұған археологтар ғасыр олжасы деп баға берді.
Сирек кездесетін олжаны жақында Норвегияның 51 жастағы тұрғыны Эрланд Баре Ставангер қаласының маңындағы Реннесей оңтүстік аралынан тапқан. Металл іздейтін құрылғымен серуенге шыққан ол бастапқыда көмілген шоколад монеталар таптым деп ойлаған. Бірақ бұл нағыз қазына болып шықты: тоғыз салпыншақ, үш сақина және он алтын інжу. Бұл көне зергерлік бұйымдардың 1 500 жылдық тарихы болуы мүмкін.
Дәрігер Эрланд Бареге таза ауада көбірек серуендеуге кеңес береді. Кейіннен ол жыл басында металл детекторын сатып алып, серуенге алып шығып, ермек еткен. Ставангер университетінің археологиялық мұражайының директоры Оле Мадсен «бір уақытта және бір жерде сонша алтын табу өте ерекше жағдай» деп пікір білдірген.
https://turkystan.kz/article/233324-aza-standy-shahmatshylar-lem-chempionatynda-zh-ldeger-atandy