Ғалымдар коронавирустың зертханада «адам қолымен» жасалғанын дәлелдеді

157

коронавирус

«Басқа молекулярлық дәлелдермен біріктіре отырып, біздің нәтижелеріміз бұл вирустың 99,9 пайызы табиғи вирустың жасанды көшірмесі екенін көрсетеді», — деді иммунология зерттеушісі Валентин Брюттель.

Ғалымдар осылайша вирустың зертханада шыққаны туралы дәлелдер тапқанын мәлімдеді.

Зерттеушілер Sars-CoV-2 геномындақайталанбас үлгі түріндегі «саусақ ізінің» түрін тапты.

Брюттель синтетикалық вирустарды жасайтын зертханалар алдымен ДНҚ-ның жеке блоктарынан геномды жинайтынын айтты. Сондықтан жиі қолданылатын блоктар сипаттамалық үлгіні жасайды. Алдын ала нәтижелер табиғи эволюцияның мұндай заңдылықтарды кездейсоқ жасаған ықтималдығы жүзден бір жағдайда да  кездеспейтінін көрсетті.

Зерттеу Sars-CoV-2 «ақырында жаһандық пандемия тудырған зертханалық апаттың нәтижесінде» Уханьда шығарылған болуы мүмкін деген гипотезаны жасауға мүмкіндік береді.

https://stan.kz/nemis-galimdari-koronavirustin-zerthanada-adam-kolimen-372531/

Leave A Reply

Your email address will not be published.