Жамбыл облысы, Байзақ ауданында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, «Қызыл Жұлдыз» ордені және «Батылдығы үшін» медальдарының иегерлері Төлеу Қазиұлы мен Әбдіқайыр Оразұлын еске алуға арналған футболдан 2009-2010, 2012-2013 жылдары туған жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир ұйымдастырылған болатын.
Чемпиондық атақты Шымкент, Тараз қалалары, Қызылорда облысы және Байзақ ауданыан екі команда, сонымен қатар, таластық құрам сарапқа салған-ды.
Нәтижесінде, жарыс қожайыны байзақтықтар жеңімпаз атанса, екінші орын Шымкент қаласына бұйырды, ал үздік үштікті Талас ауданының құрамасы түйіндеді.
___________________________