Футболдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте төмендеді

61

Фото: ҚФФ

Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекия құрамасынан ойсырай ұтылып, артынша Люксембург құрамасынан жолдастық кездесуде 1:2 есебімен жеңілген Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте үш саты төмендеді. ФИФА-ның жаңартылған рейтингте Ұлттық құрамамыз 100-орыннан, 103-орынға түсіп, алдына Тәжікстан, Қырғызстан, Тайланд және Косово құрамаларын жіберіп қойды. Ал Қазақстанды ұтқан Грекия мен Люксембург құрамалары да рейтингте төмендеген. Грекия 49-орыннан 50-орынға түссе, Люксембург 85-орыннан 87-орынға жайғасқан. Әлемдік рейтингтің көшін Аргентина құрамасы бастап тұр.

https://stan.kz/futboldan-kazakstan-kyramasi-alemdik-reytingte-tomended-397539/

Leave A Reply

Your email address will not be published.