«Фитосанитария» директоры лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған

67

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. 

«Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» ШЖҚ РМК бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», — делінген мәліметте.

Мекеме басшысы белгіленген тыйымға қарамастан кәсіпкерлік ұйымды құрып, оны басқарған. Онымен қоса, кәсіпкерлікке 2022 жылдың маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін «Фитосанитария» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалына тиесілі үй-жайды тегін беріп келген.

«Күдіктінің іс-әрекетінен мемлекетке келтірілген залал құны 7,4 млн теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — делінген ақпаратта.

Антикор еске салып өткендей, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін күдікті кінәсіз деп есептеледі.

 

https://turkystan.kz/article/234141-fitosanitariya-direktory-lauazymdy-kilettigin-asyra-paydalan-an

Leave A Reply

Your email address will not be published.