Фатима Кенжеғалиеваның мұнай өңдеу зауытындағы 40 жылдық еңбек жолы

65

gov.kz

https://turkystan.kz/article/265864-fatima-kenzegalievanyn-munai-ondeu-zauytyndagy-40-zyldyq-enbek-zoly
Атырау мұнай өңдеу зауытының тәжірибелі маманы Фатима Түсіпқызы Кенжеғалиева өзінің бүкіл еңбек жолын осы кәсіпорынмен байланыстырды. 1981 жылы зауыттағы баяу кокстеу қондырғысында машинис болып еңбек жолын бастаған ол кейін Қазан химия-технология институтында білім алып, алғашқы ұжымына оралды.

Жылдар бойы қызметтік баспалдақтың барлық сатыларынан өткен Фатима Түсіпқызы оператордан цех бастығының орынбасарына дейін көтерілді. Оның қатысуымен зауытта жаңа резервуарлар, жеңіл мұнай өнімдерін бөлу блогы және қара мұнай өнімдері эстакадасы іске қосылды.

2016 жылдан бастап жаңадан құрылған ароматты көмірсутектер цехында жұмыс істеп, техникалық құжаттаманы жүйелеумен айналысты. Ал 2018 жылдан бері операциялық координатор қызметін атқарып келеді.

Өмірінің басым бөлігін зауытқа арнаған Фатима Кенжеғалиева – кәсібіне адалдығымен танылған білікті маман.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/265864-fatima-kenzegalievanyn-munai-ondeu-zauytyndagy-40-zyldyq-enbek-zoly

Leave A Reply

Your email address will not be published.