Есірткі – індет, күресу – міндет

140

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің қабырғасында «Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу – міндет» атты жастарға арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Шараға Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры  Айгерім Каукешоважәне Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыру және жастар бастамаларын қолдау секторының жастар ісі жөніндегі маманы Ақтолқын Әмірбекова қатысты.

Нашақорлық – қоғамды толғандыратын ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі, ал ең қауіпті қылмыстардың бірі – есірткі заттарын сату. Өйткені қоғамымызда бұл зиянды затқа құмарлық танытушылар саны күн санап көбеюде. Адам денсаулығын құртып, сананы улайтын аталмаш затқа, әсіресе жастар мен жас балалардың әуес болуы үлкен алаңдаушылық туғызады.

«Дөңгелек үстел» отырысының барысында спикерлер жастарға есірткінің қауіпін түсіндіріп, бейнероликпен көрсетіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.