«Есігі қасықпен ашылады»: Қызылорда облысындағы жедел жәрдем көлігінің адам шошырлық видеосы тарады (видео)

65

Бейнежазбаны мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Бейнежазбадан жедел жәрдем көлігінің терезесінің жоқ екенін, терезенің орнына көрпе жауып қойғанын, жедел жәрдем қызметкерінің көліктің есігін ашу үшін қасық қолданып жатқанын көруге болады. Бұл көліктің Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі медициналық мекемеге тиесілі екені анықталды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ақпаратты растады. Басқарма мәліметінше, кенттегі жедел жәрдем көліктерінің бұзылып қалуына байланысты ескі көлік уақытша пайдалануға берілген. Жөндеуде тұрған көліктер біртіндеп қайта пайдалануға беріледі екен.

“Қазіргі таңда вирустық аурулардың көбейіп шақырулардың жиілеуіне байланысты осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық. Ал жөндеуге қажетті қосалқы автобөлшектерді алу мемлекеттік сатып алу порталы арқылы белгілі бір уақытты қажет ететіні белгілі. Қазіргі таңда автокөліктердің барлығы жөндеуден өтіп, өз жұмыстарына қосылды”, – деді Арал аудандық ауруханасының бас дәрігері Бауыржан Қуанышбаев Астана арнасына берген сұхбатында.

@daulet_agai
Өмір деген осындай… Жедел жәрдемге де жедел жәрдем керек! Кеше денсаулық сақтау министрлігі біздің комитетке келіп, 2024-26 жылдарға арналған бюджетті қорғағандай болды. Денсаулық саласына қатысты депутаттар тарапынан да көп сұрақ қойылды. Министрлік өкілдерінің сөзіне сенсек, елдегі жәдел жәрдем мәселесі оңынан шешілгендей. Бірақ, мына видеоға қарап олай айта алмаймын! Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл ауылындағы жәдел жәрдемнің күйін қараңыздар. “Маша және аю” мультигіндегі жедел жәрдем естеріңізде ме? Мынау тура сол Шын мәнінде мыңдаған ауылға жедел жәрдем көлігі керек-ақ. Көптеген ауылда, елді-мекендерде жедел жәрдем көлігі жоқ. Бірнеше фельдшер (дәрігер) ауырған жанға жаяу немесе өз көлігімен баруға мәжбүр. Кеше осы мәселені көтергенімізде денсаулық сақтау министрлігі лизинг арқылы санаулы ғана жедел жәрдем алатындарын айтты. Хош, бюджет жетпеді делік, бірақ “Қазақстан ХАЛҚЫНА” қоры бар емес пе?! Неге солардан бөлінбейді? Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары болып, алдағы жұмыс отырыстарында қор өкілдерін шақырмақпыз. Халыққа бөлінген ақшаның шарапатын халық көруі тиіс. Ал әзірге “жедел жәрдемдердің жағдайы жақсы” дегендер мына видеоны көрсін.

 

https://stan.kz/kizilorda-oblisindagi-zhedel-zhardem-koliginin-adam-sho-388991/

Leave A Reply

Your email address will not be published.