Ерұлан Жамаубаев бюджетті игермеген министрліктерді атады

75

Биылғы 4 айда бірнеше министрлік пен әкімдік бөлінген бюджет қаражатын игере алмады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,6%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,0%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,6%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 7 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 72 млрд теңгені құрады, оның ішінде 16 млрд теңге – үнемдеу», – деді ол.

Министр атағандай, бюджеттің игерілмегені – 55 млрд теңге.

«Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму, экология және табиғи ресурстар, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері – шарттар жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, нақты көрсетілген қызмет көлеміне төлем жүргізу, мемлекеттік сатып алу конкурстарының ұзақ өткізілуі, орындалған жұмыстардың актілері мен шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы және басқалары», – деді Жамаубаев.

https://turkystan.kz/article/223072-erulan-zhamaubaev-byudzhetti-igermegen-ministrlikterdi-atady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.