«Ертіс» «Тракаймен» тең түсті

953

Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Павлодардың «Ертіс» футбол клубы сырт алаңда Литваның «Тракайымен» кездесті.

«Тракай» еурокубок ойындарында бірнеше мәрте бақ сынаған. Өткен жылы үшінші кезеңге дейін жетті. Сондықтан олардың бұл жолы да сол жеңісті жолды жалғастыруды қалайтыны белгілі еді. Алаң иелері бірден-ақ шабуылға назар аударды. Оған қазақстандық клуб ойыншылары да лайықты төтеп берді. Литвалық команданың бас бапкері Хосе Антонио Викунья «Тракайдың» негізгі құрамында Шведкаускас, Еременко, Нтика, Казлаускас, Билялетдинов, Осипов, Шиленас, Масензовас, Боровский, Чижас, Маразас сынды ойыншыларға сенім білдірді. Ал жақында ғана «Ертіске» қайта оралған болгар маманы Димитар Дмитров команданың аталмыш кездесуге алып барған жоқ.  алғашқы минуттан жасыл алаңға Калмыков, Стаменкович, Кислицын, Кисляк, Гомес, Калинин, Шмидт, Есімов, Фонсека, Попадюк, Аврэмия сынды ойыншыларды шығарды.

Алғашқы минуттарда қос команда бір-бірімен алма-кезек шабуылмен алмасты. Кездесудің 10-минутына кейін алаң төрінде «Ертістің» басымдығы аңғарылып тұрды. Одан кейін де қазақстандықтар тәп-тәуір шеберлігін көрсете түсті. Десе де одан кейінгі сәттерде алаң иелері де өздерінің қабілет-қарымын көрсете білді. Ойынның 30-минутында литвалықтар «Ертіс» қақпасы маңында қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, біздің қақпашыны мазалай бастады.

Екінші кезең де дәл осындай жағдайда өрбіген еді. «Ертістің» 86-минутта гол соғатын мүмкіндігі болды. Төреші «Тракай» қақпасына пенальти белгіледі. Оны павлодарлық футболшы Сергей Кисляк голға айналдыра алмады. Оның тепкен добын «Тракайдың» қақпашысы кері қайтарды. Ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Қарымта ойын 19 шілдеде Павлодарда өтеді.

Сондай-ақ, бүгін, сағат 00.00-де Алматының «Қайраты» Андорраның Эскальдес-Энгордань қаласында жергілікті «Энгордань» командасымен кездеседі.

10 шілдеде Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Грузияның «Самтредиа» клубын 1:0  есебімен жеңіп қайтты.

«Тобыл» еурокубок ойындарына бірнеше жыл үзілістен кейін қайта оралып отыр. Ал 11 шілдеде Чемпиондар лигасының бірінші кезеңінде елорданың «Астана» клубы Черногорияның «Сутьеска» клубынан 1:0 есебімен  басым түсті. Осылайша олар өз жанкүйерлерін тағы бір мәрте қуантты.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.