Ертең ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

220
17 маусым, сенбі күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Grand bazaar» сауда кешенінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеге Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Қордай және Шу аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылады.
Жәрмеңкеде жалпы құны 25,8 млн. теңгені құрайтын 40,5 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылада. Оның ішінде 8,0 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 2,5 тонна шұжық өнімдері, 4,6 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 2,4 тонна макарон өнімдері, 1,1 тонна балық, 2,0 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 16,8 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.