Ербол Қарашөкеев тараздық жас айтыскер ақын Інжу Жаңабаймен кездесті

68
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы, жас айтыскер ақын Інжу Жаңабаймен кездесті.
Басқосуға өнерлі өреннің «Жасанды интеллект дәуіріндегі жасампаз жастар» атты оқушылар арасындағы республикалық айтыста бас жүлде – «Қола домбыраны» иеленуі, сондай-ақ «Ақберен» шығармашылық байқауында жеңімпаз атануы арқау болды.
– Бұл жетістік – Сіздің табиғи талантыңыздың, қажырлы еңбегіңіздің және өнерге деген сүйіспеншілігіңіздің айқын көрінісі. Қазақтың киелі айтыс өнерін жаңғыртып, ұлт руханиятының дамуына өз үніңізді қосып келе жатқаныңыз – ел мерейін асырар зор мақтаныш.
Өнер мен білімді қатар ұштастырып, сөз өнерінің биік талаптарын меңгеріп келе жатқаныңыз – алдағы үлкен белестердің бастауы деп сенемін, – деді өңір басшысы.
Ербол Қарашөкеев Інжудің бойындағы дарынды танып, оны шыңдауға бағыт-бағдар берген ата-анасы мен ұстаздарына шынайы ризашылығын жеткізді.
Сонымен бірге жас түлекке шығармашылық шабыт, биік белестер мен жаңа жеңістер тіледі.
Өз кезегінде Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Інжудің әкесі әрі ұстазы Есет Досалы көрсетілген қолдау мен құрмет үшін облыс әкіміне алғысын білдірді.
Облыстық айтыскер ақын, жыршы-термешілер орталығының директоры Ахметжан Өзбековтің айтуынша, мекемеде айтысқа құштар жастардың саны жылдан жылға көбейіп, сөз өнеріне деген ықыласы артып келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.