Ербол Қарашөкеев «Super-pharm» фармацевтикалық зауытына барды

191

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында орналасқан «Super Pharm» фармацевтикалық зауытына барды.
Аймақ басшысы аталған өндірістің өнім шығару барысымен, ол үшін қолданылатын технологиялармен танысты.

Зауытта 300 данадан астам медициналық бұйымдар, бірреттік стерильді және стерильді емес киімдер, хирургиялық киімдер жиынтығы, медициналық халаттар мен бетперделер, құрал-жабдықтар жиынтығы шығарылады.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы – жылына 60 миллион медициналық бұйым өндіру. Қазіргі таңда бұл зауыт 650 адам тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы серіктестік 995 миллион теңге несие алған. Ал бүгінде ауданның әлеуетін арттыру мақсатында 4 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Ағымдағы жылдың май айында зауыттың тағы бір кешенінің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Ол өндірілетін бұйымдардың түрлерін арттыруға, қуаттылықты еселеуге мүмкіндік береді.
Серіктестік құрылысқа қажетті бірқатар материалдарды да өздері шығаруды жолға қойған.
Ербол Қарашөкеев жергілікті тауар өндірушілерді қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, аудан және салалық басқарма басшылығына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

 

 

Жамбыл облысының әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.