
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кездесу барысында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, жер қатынастары, тұрғын үй, табиғи ресурстар, кәсіпкерлік және ветеринария салаларының мәселелері, сондай-ақ жеке сипаттағы ұсыныс-пікірлер көтерілді.
Ербол Қарашөкеев азаматтардың сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді.
Қабылдау қорытындысында жауапты тұлғаларға көтерілген түйткілдерді жан-жақты зерделеп, кезек күттірмейтін өтініш-тілектер бойынша тиісті шешімдер қабылдау тапсырылды.