Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді

154
Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға Тараз қаласынан және Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Байзақ, Сарысу аудандарынан жазылған азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.

Қабылдауға жазылған «Таулы Қарабах ардагерлері мен мүгедектерінің республикалық одағының» мүшесі Дәурен Ізтілеуов ардагерлерге жер, санаторий, госпиталь ашу мәселесін көтерді.

Басқа да азаматтар баспана алу, жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек, мемлекет тарапынан бөлінетін грант және басқа да мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі азаматтардың өтініштеріне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті.

Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.