Мәліметтерге сенсек, енді Кох су астында ең ұзақ уақыт тұру бойынша әлемдік рекордты жаңартуды мақсат етіп отыр.
Кохтың «пәтерінің» ауданы шамамен 30 шаршы метрге тең. Капсулада тасымалданатын әжетхана, теледидар, компьютер, төсек, велотренажер, күн батареясы, спутниктік интернет және бірнеше желдеткіш бар. Кохтың айтуынша, ол көбіне душта шомылғанды сағынады.
«Бұл аса қиын емес. Мұнда төменде қиналмаймын. Ең қиын нәрсе – сүңгуірлікке деген құштарлықты жеңу», – деп әзілдеді ол.
Кох 24 қаңтарда су бетіне көтеріліп, су астында 120 күн өткізуді жоспарлап отыр. Қазір ең ұзақ уақыт су астында болған рекорд 100 күн болған. Ол Джозеф Дитури есімді адамға тиесілі. Рекорд 2023 жылы Флорида жағалауында орнатылған.
Қазақстандық қыз Антарктиданы жүзіп өтті
Еске салайық, бұған дейін 18 жастағы жігіт жер бетіндегі ең биік 14 шыңды бағындырған ең жас альпинист атанғанын жаздық. Ол әлемдегі барлық 14 сегіз мыңдықты, яғни биіктігі теңіз деңгейінен 8000 метрден асатын барлық тауларды бағындырған санаулы адамдардың бірі атанды. Шерпа тауға шығуды 16 жасында бастаған. Барлық 14 шыңды бағындыру үшін ол 740 күн жұмсаған. Нима Ринджидің рекордтар тізімі мұнымен шектелмейді: ол Қарақорамдағы Гашербрум I және II шыңдарын бағындырған әлемдегі ең жас альпинист; Кашмирдегі Нанга Парбатқа шыққан ең жас альпинист; Эверест пен көршілес Лхоцэ тауын 10 сағатта бағындырған ең жас альпинист атағын алған.
Фото: upi.com
https://stan.kz/er-adam-rekord-zhasaymin-dep-tort-ay-boyi-su-astinda-om-410825/