«Енді ХАМАС содырларымен қайта кездескім келмейді»: Алты рет оқ жарақатын алған израильдік қыз оқиғаны баяндап берді
Фото: BBC
Қыз ата-анасы ажырасып кеткеннен кейін әкесімен мүлде араласпаған. Нетаның әкесі Шимон Портал полиция қызметкері. Оған алғашқы мәтіндік хабарлама келген кезде ол Сдерот қаласында содырлармен соғысып жатқан.
Әке олар жақындап қалды», — деп Нета содырлар үйге кіргенге дейін хат жазып үлгерген.
Әкесі, «Есіктің бәрін қымтап жауып маған жауап бер», — деп жауап жазған.
Алайда ол кезде кеш болған. Әкесі Нетамен Тель-Авивтегі ауруханалардың бірінде кездескен. Дәрігерлер оның сол аяғынан бес, оң аяғынан бір оқ алғанын хабарлаған. Бақытына орай Нета аман қалды.
Фото: BBC
Ол енді ешқашан Хамастарды көргісі келмейтінін айтты.
«Шынымды айтсам мен өмірімде Хамастармен қайта кездескім келмейді. Біз оларды бір-бірлеп жоюымыз керек. Біз мықты болуымыз керек. Әскер Газаға кіруі керек. Олар лаңкестерді бір-бірлеп өлтіруі керек. Мен тыныштықты шын жүректен тілеймін, бірақ мен бейбітшілік мүмкін емес деп ойлаймын. Менің айтқанымның бәрі жиһадшылар мен Хамасқа қатысты. Елім бейбіт тұрғындарға зиян тигізгісі келмейді. Жеке өзім де мұны қаламаймын. Мен оларға амандық тілеймін және олар өлмеуі керек деп ойлаймын. Бірақ біз күресуіміз керек», — деді Нета.https://stan.kz/omirimde-hamas-sodirlarimen-kayta-kezdeskim-kelmeydi-al-389671/