Енді аналар 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыны жұмыс істеп жүріп те ала алады
Енді аналар баласы 1,5 жасқа толмай жұмысқа шықса да бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақысы сақталады. Ол белгіленген мерзім аяқталғанға дейін төлене береді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.
«Әйел жұмысқа оралу мен әлеуметтік төлемді сақтап қалудың бірін таңдамағаны жөн. Жүктілікке және босануға байланысты төлем отбасының санатына қарамастан бұрынғы тәртіппен сақталады», – деді А. Ертаев.