Бүгін Тараз қаласындағы Жастар аллеясында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін тұрғындарға ұсынды. Сауда сөрелеріне ет, сүт өнімдері, көкөністер, жеміс-жидектер және күнделікті тұтынуға қажетті өзге де азық-түлік түрлері қойылды.

Жәрмеңкенің басты мақсаты – жергілікті өндірушілерді қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушыларға делдалсыз ұсыну және азық-түлік бағасының қолжетімді болуына ықпал ету.
Таңертеңнен бастап жәрмеңкеге келген қала тұрғындары қажетті азық-түліктерін тиімді бағамен сатып алды. Мұндай сауда алаңдары өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланысты нығайтып, жергілікті өнімдердің сауда айналымын арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Дала дәмі» жәрмеңкесі тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге және отандық өнім өндірушілерге қолдау көрсетуге бағытталған.