Енді алғашқы әскери дайындық пәнінен әскери қызмет өткерген азаматтар ғана сабақ бере алады

14
Осылайша, мектептер мен колледждерде осы пәнді оқытудың сапасын арттыру көзделіп отыр.

Енді еліміздегі білім беру ұйымдарында алғашқы әскери дайындық пәнінен әскери қызмет өткерген адамдар ғана сабақ беретін болады.

Мәжіліс бүгін әскери-патриоттық тәрбие туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталған құжатқа сәйкес, әскери кафедраларға штаттан тыс әскери лауазым енгізілмек. Осылайша, білім беру ұйымдарына берілген қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау мен пайдалануды бір мезгілде бақылайтын әскери оқытушылардың мәртебесі айқындалады.

Сонымен қатар, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдеріне әскери борышын өтеу міндеттелді. Осылайша,  мектептер мен колледждерде осы пәнді оқытудың сапасын арттыру көзделіп отыр.

Түзетулер әскерді жүргізушілермен қамтамасыз ету мәселесін шешуге де бағытталған. 18 жасқа толған әскери қызметшілерге 21 жасқа толғанға дейін «D», «СЕ» санатындағы көліктерді жүргізуді үйрету жоспарланып отыр. Олар тек Қарулы Күштерге тиесілі көліктерді жүргізе алады. Қарулы Күштер қатарындағы ауыр жүк көліктерін жүргізушілердің саны артады, бұл өз кезегінде бөлімшелердің жауынгерлік әзірлік деңгейін жақсартады. Бұған қоса, қызмет өткеру кезеңінде «автобус жүргізушісі» мамандығы бойынша білім алған әскери қызметшілер автобусты басқару құқығына қосымша оқусыз ие бола алады.

фотода осы сайттан алынды

Aikyn.kz.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.