Еңбек адамдарының құқықтары күшеюде

33
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков ҚР Конституциясының жаңа жобасын жан-жақты түсіндіру мақсатында «Таразэнергоорталығы» АҚ ұжымымен кездесті.
Жиында шаһар басшысы Ата заңның жаңа жобасындағы өзгерістердің еңбек адамдарының құқықтарын күшейтуге, қазақстандық қоғамға тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды айқындауға, сондай-ақ саяси институттардың тиімділігін арттыруға бағытталғанын айрықша атап өтті.
Келесі кезекте қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай жобада көрініс тапқан маңызды баптар мен басты өзгерістер туралы баяндады.
✅ Кәсіпорын қызметкерлері де конституциялық реформа еліміздің баянды болашағы жолындағы маңызды қадам екенін айтып, саяси өзгерістер жөнінде ой-пікірлерін жеткізді.
✅ Кездесуді қорытындылаған Бақытжан Әмірбекұлы әділет пен заң қағидалары үстемдік еткен мемлекетті қалыптастыру – баршаға ортақ жауапкершілік екенін айтып, еңбек адамдарын саяси өзгерістерге үн қосуға шақырды.
Конституциялық реформа аясында қала аумағында қазір арнайы 8 ақпараттық-түсіндіру тобы өз жұмысын бастады. Оның құрамында қоғам қайраткерлері, депутаттар және белсенді азаматтар бар. Топтың басты міндеті – жаңа Ата заң жобасының мазмұнын халыққа жан-жақты түсіндіріп, еңбек ұжымдары және қала тұрғындарымен ашық пікір алмасу.

Leave A Reply

Your email address will not be published.