Аудан әкімінің өкімімен Жамбыл ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы болып Қуат Ошақбай Қанатұлы тағайындалды.
Бөлім басшысын ұжымға аудан әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұлов таныстырып, алдағы жоспарлар мен міндеттерді орындау бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Ошақбай Қуат Қанатұлы Жамбыл облысы, Талас ауданы Қаратау қаласында 1994 жылы дүниеге келген. Білімі — жоғары.
2016 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша және 2018 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Құқықтану» мамандығын аяқтаған.
Еңбек жолын 2012 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы «Лашын» футбол клубының Футболшы-нұсқаушы болып бастаған.
2017 жылы «Қаратау қалалық әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық бөлімшесінің жетекші маманы;
2017-2020 жылдары Талас ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесіның бас маманы;
2020 жылдың мамыр айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінде аудан әкімінің бас инспекторы қызметін атқарып келді.
«Amanat» партиясының мүшесі
Отбасылы, 1 ұл, 1 қыз өсіріп, тәрбиелеуде.
Өздеріңізге белгілі күні кеше Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік Жастар кадр резерві форуымында:
– Мен жастарға үлкен сенім артамын. Елімізде ел игілігі үшін қызмет ететін дарынды жастар көп. Экономикада, мемлекеттік қызметте неме е басқа секторда жұмыс істеп жүрген жастарға қолдау білдіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын, – деген болатын.
Қуат Ошақбай бүгінде күнде аудан көлемінде ең жас бөлім басшы болып тағайындалды.
Жамбыл ауданы әкімдігі