«Ембімұнайгаз» АҚ үздік мамандарды анықтады

110
«Ембімұнайгаз» АҚ-да «Үздік маман – 2026» кәсіби шеберлік байқауының ІІ кезеңі қорытындыланды.
Бүгін «Жайықмұнайгаз» МГӨ басқармасының С.Балғымбаев кен алаңында дәстүрлі байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау шарасы өтті.
Айта кету керек, соңғы жылдары байқауға қатысатын жас мамандардың саны айтарлықтай артып келеді. Бұл кәсіпорындағы кадрлық сабақтастықтың сақталып, жастардың жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді.
Биылғы сайысқа 15 мамандық бойынша 80-нен астам жұмысшы қатысып, тәжірибелік қабілеттері мен теориялық білімдерін сынға салды. Байқау жүлдегерлерін «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының геология және игеру жөніндегі орынбасары Ернұр Тасеменов құттықтады.
Сайыс қорытындысында өз мамандықтары бойынша үздік атанған қызметкерлер арнайы дипломдармен, қаржылай сыйақылармен және имидждік сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, жеңімпаздардың жалақыларына бір жыл бойы пайыздық үстемеақы төленетін болады.
Жалпы қорытынды ұпайлар бойынша командалық есепте 1 орынды «Қайнармұнайгаз» МГӨБ, 2 орынды «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ, 3 орынды «Доссормұнайгаз» МГӨБ ұжымы иеленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.