«Елтаңбаны далаға тастаған»: Жетісу облысының соты жауапкершілікке тартылды (ВИДЕО)

126

Желіде Жетісу облыстық соты ғимаратының жанында Елтаңба макеті жатқан видео тарады. Осыдан кейін полиция бірден шара қолданды деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жетісу облыстық полиция департаменті Талдықорған қаласындағы облыстық сот ғимаратының жанына тасталған Елтаңбаның макеті бейнеленген видеоны зерттеді. Жауапты тұлғалардың әрекеті әкімшілік заңнамада көзделген құқықбұзушылық деп танылғанын хабарлаймыз. Аталған факті бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 418-бабы 1-1-бөлігіне сәйкес облыстық сот әкімшілігі инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Департамент бейне авторына азаматтық ұстанымын белсенді көрсеткені және құқық қорғау органдарына осындай құқықбұзушылықтарды анықтауға көмектескені үшін алғыс білдірді.

https://turkystan.kz/article/221542-eltanbany-dalaga-tastagan-zhetisu-oblysynyn-soty-zhauapkershilikke-tartyldy-video/

Leave A Reply

Your email address will not be published.