Елордада республикалық конференция өтті

121
Баденов Сержан «Үздік нұсқаушы» атанды
2022 жылдың 1 желтоқсанында Астана қаласындағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Ауыл алаңынан-Олимпиада тұғырына» атты ауыл нұсқаушыларының республикалық І конференциясы өтті. Жиынға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысты.
Шараның негізгі мақсаты-ауыл спортының проблемалары мен өзекті мәселелерін талқылап, жер-жердегі озық тәжірибелерді көпшілік назарына ұсыну. Әлемдік ареналарда Отанымыздың намыс туын көтерген саңлақтардың басым бөлігі ауылдардан екенін ескерсек, бұл сала әрдайым мемлекет назарында болуы тиіс.
Конференция аясында өңірлердің ауыл спортына арналған көрмелерімен қатар, ауылдардан шыққан білікті бапкерлер мен чемпиондар туралы фотокөрме және видеоматериалдар жұртшылық назарына ұсынылды. Әр облыстың үздік ауыл нұсқаушыларына жүлделер тапсырылды. Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы Құмарарық ауылдық округінің спорт нұсқаушысы Баденов Сержан «ҮЗДІК НҰСҚАУШЫ» атанды.
Сондай-ақ, жиын соңында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт қайраткері, жазушы Несіп Жүнісбайұлының жаңа кітаптарының тұсаукесу рәсімі өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.