Елордада үшем дүниеге келді

127

Елордада бұл – биылғы жылы алғаш рет дүниеге келген үшем сәбилер. Жыл басынан бері бас қалада 7 мыңнан астам сәби дүние есігін ашты деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үш баланы босанған ана бірден көпбалалы жанұя қатарына қосылды. Әсел Шонтаева отбасымен былтыр тамыз айында Жамбыл облысы Қордай ауданынан елордаға көшіп келген. Үшемдердің екеуі – қыз, біреуі – ұл. Қала тұрғыны №3 көпбейінді қалалық аурухана дәрігерлеріне алғысын білдірді.

Сәния, Самира және Айсұлтан есімді балапандардың денсаулығы қазір жақсы. Дәрігерлер сәбилерге күтім көрсетіп, үйіне шығуы үшін дайындап жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.