Еліміздің телефон коды өзгеруі мүмкін

132

Қазақстанның телефон коды +77 болып өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Біздің қазіргі нөміріз +7 деп басталады. АҚШ-та болған кезде Халықаралық электр байланысы одағының басшысы Дорин-Мартинмен кездестім. Ол кісімен  осы мәселені тағы да талқыладық.  +997 нөміріне көшу қиын емес. Ол нөмірге рұқсат беріліп, резервке қойылған. Алайда, оның орнына +77 нөмірін қалдырса деген ұсынысты одақ басшысына жеткіздім. Бізге өзгерту туралы ұсынысты талқылауға уәде берді», – деді Бағдат Мусин.

https://turkystan.kz/article/216545-elimizdin-telefon-kody-ozgerui-mumkin/

Leave A Reply

Your email address will not be published.