Еліміздегі пәтер иелері кооперативтері басқарушы компания болып тіркелулері тиіс

569

Қазақстандағы пәтер иелері кооперативтері басқарушы компания болып тіркелулері тиіс.

Ресми түрде рәсімдеу шараларын жүргізу үшін жарты жыл уақыт беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. Жаңа заң жобасы «бір үй — бір бірлестік – бір есепшот» қағидасын ұсынады. Осылайша, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласында ашықтық сақталып, атқарылған жұмыс нәтижелі болады, дейді министр орынбасары. Жыл соңына дейін тұрғын үйге қатысты барлық ақпарттың басын қосатын мобильдік қосымша шығару жоспарланып отыр. Өз кезегінде пәтер иелері жиналған қаржының қай бағытқа жұмсалып жатқанын біліп қана қоймай, өз наразылықтары мен ұсыныстарын білдіре алады.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

– Кооперативтердің басшылары өздері иелерінің атынан шарттарға қол қояды, өздері сол жұмыстарды істейді, төлемақысын төлейді. Қазір тетіктерін алып, орнына келтіріп жатырмыз. Осы заң Мәжілісте талқыланып жатыр.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.