Елімізде зейнетақы жинағының артылған шегі өсті

137

БЖЗҚ жеткіліктілік шектерінің жаңа мөлшерін 3 жұмыс күні ішінде жариялауы қажет.

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын шешіп алу шегін анықтаудың жаңа әдістемесін бекіту туралы қаулы күшіне енді.
Қаулыда ең төмен жеткіліктілік шегі тиісті жастағы адамдар үшін өткен жылғы ең төмен жеткіліктілік шегінің мөлшерінен төмен болмауға тиіс екені жазылған. Оның болжамды инфляция деңгейінен 5 пайыздық тармаққа озыңқы түрде индекстелетіні белгілі болды. Енді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы әдістеме қолданысқа енгізілген күннен кейін 3 жұмыс күні ішінде 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шектерін жариялауы тиіс.

Күні кеше «Отбасы банк» 5 маусымнан бастап зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шектері ұлғаятынын айтып, салымшыларға маңызды үндеу жасады. 

«Егер сіз зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалануды жоспарласаңыз, өтінім беруді кейінге қалдырмауға кеңес береміз. Өтінімді бүгін қолданыстағы шарттар бойынша рәсімдеп, қол қойып, жіберіп үлгеріңіз», – делінген бейсенбі күні жарияланған хабарламада.

2026 жылғы 4 маусымды қоса алғанда берілген өтінімдерге бұрын қолданыста болған жеткіліктілік шегі қолданылады.

Айта кету керек, бұған дейін зейнетақы жинағының жеткілікті шегі қалай өзгеретіні таяуда белгілі болатынын жазғанбыз. Зейнетақы жинағының жеткілікті шегін есептеу әдістемесі өзгерді.

Фото: baq.kz

 inbusiness.kz сайты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.