Алматыда әйел жоғарыдан секіріп опат болды

162

Алматыда 38 жастағы әйел бесінші қабаттың терезесінен секіріп, оқиға орнында қайтыс болды.

Қайғылы жағдай қаладағы Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Марқұм сол жерде тұрған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, әйел өзіне қол жұмсаған. Соңғы уақытта ол жеке өміріне байланысты ауыр психологиялық күйзелісті бастан кешірген.

«Аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

MadeniPortal.kz.

Фото: freepik

Leave A Reply

Your email address will not be published.