istockphoto
https://turkystan.kz/article/272781-elimizde-quzatsyz-et-satqandar-qylmystyq-zauapkersilikke-tartyluy-mumkin
Қазақстанда ветеринарлық құжатсыз ет сатқандар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлады ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.
Бұл 2026 жылы парламентте талқыланатын ветеринария туралы жаңа заңда қарастырылады, деді вице-министр.
«Халық 3 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлдан қорықпайды. Оны қатаңдату керек, себебі бұл азық-түлік қауіпсіздігімен байланысты. Мұндай істерді айыппұлмен емес, қылмыстық заңмен жазалау керек», — деді ол.
Вице-министр сондай-ақ ет және ет өнімдерінің цифрлық қадағалануы туралы айтты.
«Өндірілетін өнімдердің барлығы мал сою алаңдарында немесе ет комбинаттарында сойылып, ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өтуі керек. Тексеруден кейін біз еттің қайда кететінін көреміз — базарға, мектепке, балабақшаға немесе ауруханаға. Біз соңғы тұтынушыны көруіміз керек», — деп түсіндірді ол.
Жүйе бүкіл Қазақстан бойынша енгізіліп жатыр және жақын арада мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану нысандарын қамтитын болады.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/272781-elimizde-quzatsyz-et-satqandar-qylmystyq-zauapkersilikke-tartyluy-mumkin